Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелері талқыланды
Фото: pavlodar.gov.kz

Павлодар облысының әр ауылында тұрақты өнім алмайтын өздігімен жұмыспен қамтылған және жұмыссыз азаматтардың деректер базасын құру көзделіп отыр. Бұл шара еңбек нарығындағы адамдарды белсенділікке үндеп, оларды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үрдісіне тартуға көмектеседі, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты.

Ауылдардағы жұмыспен қамту мәселелері облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. Салалық ведомство басшысы облыс әкімі Болат Бақауовқа қазіргі таңда Павлодар облысының ауылдық аймақтарындағы өздігімен жұмыс істейтін немесе жұмыссыз адамдардың саны 11 мыңнан астам екендігін жеткізді.

-  Ағымдағы жылдың басынан бері ауылдарда 5,4 мың жаңа дары құрылды, олардың 28,1%-ы тұрақты жұмыс орындары, - деп хабарлады жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов. – Бұл көрсеткіш ауылдық аймақтарда құрылатын жұмыс орындарының маусымдық сипатын көрсетіп тұр.

Жағдайды оңтайлы өзгерту үшін ведомство өкілдері барлық ауылдық округтарда деректер базасын құрып, оған тұрақты жұмысы жоқ ауыл тұрғындарын енгізуді ұсынды. Басқарма басшысы бұл жұмыс аймақтың тірек елді мекендерінде жолға қойылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, басқармадағылар кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету барысында жаңа жұмыс орындарын құру және жұмысшылармен арадағы еңбек қатынастарын заңдастыру міндеттілігін есепке алу қажет деп ойлайды. Басқарма басшысының айтуынша, егер, 6 миллиард теңге көлемінде субсидия алған және басқаша да мемлекеттік қолдауға ие болған 3,6 мың ауыл шаруашылық құрылымдары өздерінің жұмыс күшін заңдастырса, жұмыспен қамту көрсеткіштері анағұрлым жоғары болатын еді.

T. Кіршібаев