БҰҰ Бас хатшысы тағайындалды

БҰҰ Бас хатшысы тағайындалды
Фото: Sputnik Азербайджан

Бүкіләлемдік Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблясының жаңа бас хатшысы тағайындалды. Осы уақытқа дейін Пан Ги Мунның хатшылығымен келген БҰҰ-ның ендігі жаңа хатшысы Португалияның бұрынғы үкімет басшысы – Антониу Гутерриш. 

Құжатта көрсетілген мерзім бойынша, Гутерриш 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұйымды басқарады.

БҰҰ – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған ұйым. Құрамында кезіндегі КСРО және АҚШ, Қытай мен Ұлыбритания болған. Бұл елдердің ықпалымен осы ұйым бүкіләлемдік деңгейде құрылған. Ең басты мақсаты әлемде бейбітшілікті сақтау.

М. Ақан