Жаңадан құрылған министрлікті Бейбіт Атамқұлов басқарады

Жаңадан құрылған министрлікті Бейбіт Атамқұлов басқарады
Фото: ontustik.gov.kz

Жаңа министрлікті Бейбіт Атамқұлов басқаратын болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағашта дүниеге келген.

Еңбек жолын 1985 жылы Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс байыту зауытында бастаған.

1986 жылдан бастап М.И.Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеді, онда балқытушыдан, ауысым шеберінен, бригадирден бастап жетекші инженерге дейінгі жолдан өтті.

1991 жылдан бастап – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі “Қазметаллэкспорт” Қазақстандық республикалық сыртқы экономикалық байланыстар кәсіпорнының “Черметэкспорт” компаниясының бас маманы, директоры.

1993 жылдан бастап – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі “Қазақстан сауда” МСК бас директорының бірінші орынбасары.

1995 жылдан бастап – “Қарметкомбинат” МАҚ (Теміртау қ.) бас директорының бірінші орынбасары.

1996 жылдан бастап – “Рахат-металс” компаниясының бас директоры, AIG Қазақстандық сақтандыру компаниясы Директорлар кеңесі Төрағасының орынбасары.

2002 жылдан бастап – “Рахат” МК Директорлар кеңесінің Төрағасы.

2006 жылы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2006 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі.

2007 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі.

2008 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қ., ГФР бас консулы.

2010 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Малайзия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012 жылы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015 жылы 8 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған.

“Құрмет” орденің “Астананың 10 жылдығы” мерейтойлық медалінің, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл” мерейтойлық меделінің иегері.

Н. Айдархан