Ахметжан Есімов пен Татарстан президенті бірқатар мәселелерді талқылады

Ахметжан Есімов пен Татарстан президенті бірқатар мәселелерді талқылады
Фото: expo2017astana.com

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды expo2017astana.com.

Меморандум мақсаты серіктестік қатынасты нығайту, тиімді жұмыс атқару. Ахметжан Есімов өз сөзінде, ұлттық компания Казань қаласында роуд-шоу және туристік бизнестің дамуын көздеген бірнеше кездесулер өткізгендігін айтты. Бүгінгі меморандумның қол қойылуы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясында туроператорларды кірістіре отырып, туризмнің белсенді түрде дамуына ықпал етері анық.

Туристік қызметтен басқа, екі жақ тәжірибе алмасу және инвестициялық климаттың жақсаруына жағдай жасау, әкімшілік құжаттарды жеңілдету мәселелерін талқылады.

Көрме қонақтары үшін арнайы бірегей туристтік өнімдер, сондай-ақ, 3 000 астам іс-шараларды қамтитын қызықты мәдени-ойын-сауық бағдарламасы әзірленді.

«Сіздер осы іс-шараға үздігін таңдау үшін көптеген дүниелерді көріп, зерттеген боларсыздар. Осы уақытқа дейін өткізілген көрмелердің ішінде ЭКСПО-2017 ең үздігі боларына ешқандай күмән келтірмеймін», - деді өз сөзінде Татарстан Республикасының Президенті.

Айта кету керек, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллионнан сапарлар болады деп күтіледі.

T. Кіршібаев