«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «Русатом Халықаралық Желі» келісімге қол қойды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «Русатом Халықаралық Желі» келісімге қол қойды
Фото: expo2017astana.com

3 қазан күні Қазақстан мен Ресейдің XIII Өңіраралық ынтымақтастық форумының шеңберінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «Русатом Халықаралық Желі» келісімге қол қойды, келісімге сәйкес «Росатом» Атом энергиясы бойынша мемлекеттік корпорациясы «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің әріптесі болды, деп хабарлады expo2017astana.com.

Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов және «Росатом» Мемкорпорациясының Орта Азия бойынша Өңірлік орталығының («Росатом Орталық Азия») басшысы Виталий Драгунов қол қойды.

Әріптестік мәртебе Росатомға ЭКСПО-көрмесінің барлық шешуші іс-шараларына қатысу және көрменің жер аумағында салалық іс-шаралар ұйымдастыру бойынша қосымша мүмкіндіктер береді.

Өз кезегінде «Росатом Орталық Азия» Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені Росатомның бүкіл әлем бойынша көрме-конференциялық іс-шаралары барысында әлемнің әртүрлі елдерінде ақпараттық ілгерілетуді қамтамасыз етеді.

Анықтама үшін:

Атом энергиясы бойынша Ресей мемлекеттік корпорациясы 350-ге жуық кәсіпорын мен ғылыми ұйымдарды біріктіреді, олардың қатарында Ресейдің атом саласындағы азаматтық клмпаниялары, ғылыми-зерттеу ұйымдары және әлемдегі жалғыз атом мұзжарғыш флот енеді. «Росатом» Мемкорпорациясы шетелдерді бір мезгілде салынатын АЭС саны бойынша әлемде алдыңғы орында. Қазіргі уақытта АЭС энергоблоктарының 44 жобасы іске асырылудың әртүрлі сатысында: 8 блок Ресейде және 36 блок шетелде, оның ішінде Венгрия, Финляндия, Иордания, Индия, Қытай, Бангладешжәне басқа елдерде.Росатом уран байыту, сонымен қатар қолданыстағы зерттеу реакторларының саны бойынша әлемде көшбасшы болып табылады, атом электрэнергиясын генерациялау бойынша әлемде екінші орында, әлемдік нарықтың17,7% -ын қамтамасыз ете отырып, ядролық отын өндірісі облысында әлемдік көшбасшылар үштігіне енеді. Росатомның таяудағы 10 жылға шетелдік келісімшарттарының портфелі $110,3 млрд. құрайды.

«Русатом – Халықаралық Желі», «Росатом» Мемкорпорациясын басқару контурына енетін коммерциялық емес ұйым, ол шетелдік өңірлік орталықтар желісін жасақтау, дамыту және басқару мәселелерін шешеді. Компания құрылымына 11 өңіраралық орталық кіреді. Компанияның және өңірлік орталықтардың негізгі міндеттері бизнесті кеңейтудің жаңа мүмкіндерін іздеу, атом саласындағы ресейлік кәсіпорындар өнімдері мен қызметтерін жылжыту, сонымен қатар имиджді қалыптастыру болып табылады. Компанияның негізгі функцияларының бірі - «Росатом» Мемкорпорациясын басқару контурына енетін кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін үйлестіру.

T. Кіршібаев