Атырауда заңдастыру жұмыстары жаңа тәртіппен жүзеге асырылуда

Атырауда заңдастыру жұмыстары жаңа тәртіппен жүзеге асырылуда
Фото: inform.kz

Атырау облысы бойынша, Мемлекеттік кірістер департаменті заңдастырылған қаржы көлемі бойынша республикада 6-рында тұр. Бұл жергілікті тұрғындардың көлеңкедегі қаржыны заңдастыру шарасына деген мүмкіндікке үмітпен қарайтындығын көрсетеді.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісіне Атырау облыстық Кірістер департаментінің бөлім басшысы Г.Қабдырахманова хабарлады.

Егер заңдастыру шарасы басталғалы 01.09.2014 - 31.12.2015 жылдар аралығында Атырау облыстық Кірістер департаменті 3 өтінішті қарап, 7 959,1 млн теңгені заңдастырған болса, 2016 жылдың 9 айында жалпы мөлшері 21 902,1 млн теңге болатын мүлікті, сонымен қатар 21 081,1 млн теңге қаржыны заңдастырған.

ҚР Қаржы министрлігі капиталға амнистия жариялау үдерісін жеңілдету мақсатында мүлікті заңдастыру үшін қажетті құжаттарды қабылдау шараларын «жалғыз терезе» қағидаты арқылы жүзеге асырмақ.

Жаңа жүйе өңір халқына ұнады. Қазір заңдастыру акциясына қатысушылар саны күннен күнге артып отыр.

Дереккөз: inform.kz

T. Кіршібаев