Қолданыстағы теңге банкноттарының үш түрі айналымнан шығарылады

Қолданыстағы теңге банкноттарының үш түрі айналымнан шығарылады
Фото: bnews.kz

Ескіріп қалған 2, 5 және 10 мыңдық купюраларды Ұлттық банк 2016 жылдың 3 қазанына дейін халықтан қайтарып алмақ.

Осы аталған мерзімнен бастап мына теңгелер күшін жояды. Олар 2006 және 2011 жылдары басып шығарылған купюралар.

Бірақ айналымнан шыққан теңгелерді екінші деңгейлі банктер халықтан қабылдап, оларды ауыстыруға міндетті.

Ал Ұлттық банк бұл қызметті 2020 жылдың соңына дейін жалғастырмақ. Айта кеткен жөн, банкноттарды қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзу болып саналады.

Дереккөз: 24.kz

T. Кіршібаев