Астанада Алматы облысының күндері өтеді

Астанада Алматы облысының күндері өтеді
Фото: elarna.com

Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай елордада апта сайын аймақтар күні өтіп жатыр. Алыстағы ағайынның сәлем-саухатын бұл жолы Алматы облысы алып келгелі отыр.

Ендеше жер жәннаты – Жетісудың экономикалық-әлеуметтік келбетіне көз жүгіртіп көрейік Жетісулықтар мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының нәтижесін айқын сезініп отыр. Ол бойынша қазірге дейін 51 жоба жүзеге асырылып, 7,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Биылғы жылдың өткен 8 айында 28 өнеркәсіп нысаны іске қосылды, 11 кәсіпорын кеңейтілді.

Жыл басынан бері 340 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 155 мыңнан асты. Текелідегі байырғы кен байыту комбинаты заман талабына орай қайта жаңғыртылуда. Қазір оның жанынан шойын шығаратын металлургиялық зауыт салынуда. Бәтиха Асылбекова 36 жылдан бері аспалы кран машинисі болып істейді. Жаңа өндірісте еңбек ету үшін былтыр Талдықорғаннан осында ойысыпты. «Мамандығым бойынша жұмыс тапқаныма қуандым», – дейді ол. 

Бәтиха Асылбекова, аспалы кран машинисі - Бастамасы бар міне, жұмыс істедік. Айлығымызды алып отырмыз. Енді келешекте бүкіл халыққа бірталай жұмыс орны бар деп ойлаймын. Ұжымда 800 адам еңбек ететін болады. Металлургиялық зауыт жылына 400 мың тонна шойын дайындайды. Оның тең жартысы Павлодарға жөнелтіледі. Қалғаны еркін сатылымға шығарылады.

Бақыт Шалбаев, Текелі кенді қайта өңдеу кешенінің директоры - Осы аптаның жұма-сенбі күні біз мына байытатын фабриканы жібереміз. Содан кейін 1,5 айдан кейін агломерационный цехты жібереміз. Содан кейін сол октябрьдің соңында домна пешті жібереміз деген ойымыз бар. Аймақта төрт түлік пен құстың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Астық жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Әр гектардың орташа түсімі 20 центнерден айналуда. Биыл 6 мың 400 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Жиналған өнімдер Көксу қант зауытында өңделіп, 20 мың тоннадан астам шекер алынады. Денсаулық сақтау саласының биылғы бюджеті 80 миллиард теңгеден асады. Баяғы тапшылық пен мұқтаждықтың күні өткен бүгінде. Жақында Талдықорғанда көпсалалы 300 төсектік жаңа аурухана пайдалануға берілді.

Асхан Байдувалиев, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы - Осы қазір Алакөл ауданындағы Ақши ауылында ауылдық амбулатория салынып жатыр. Сонымен бірге тағы да бізде күрделі жөндеулер жүріп жатыр. Жалпы Алматы облысы бойынша биыл 14 объектілерге күрделі жөндеулер жасалынуда. Өткен жылы облыста 99 балабақша ашылды. Оның 88-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Биыл 84 балабақша пайдалануға беріледі. Сөйтіп, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 87 пайызға жетеді. Ал апатты және 3 ауысымды мектептер мәселесі келер жылы түбегейлі шешіледі.

Тілеуқабыл Мыңжасар, тілші -Талдықорғанның оңтүстік-батыс аймағы бүгінде құрылыс алаңына айналған. Мұнда жаңадан 2 ықшам аудан салынды. Спорт сарайы, оқушылар сарайы, жастар орталығы бой көтерді. Былтыр облыста 1 миллион 136 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биылғы 8 айда жаңа қоныстардың жалпы көлемі 900 мың шаршы метрге жетті.

Дереккөз: khabar.kz 

T. Кіршібаев