Агросаланың қарқыны мықты

Агросаланың қарқыны мықты
Фото: agrobk.ru

Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет Басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен болатын. Сыртқы және ішкі ортаның өзгерген жағдайларында Қазақстанның Кеден Одағына кіруі мен Дүниежүзілік сауда ұйымына алдағы кіруіне, саланы мемлекеттік реттеу мен жаңғыртудың жаңа тетіктерін қолдану қажеттілігіне байланысты ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа салалық бағдарламасы әзірленді. Аграрлы аймаққа жататын Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының тікелей тапсырмасымен қабылданған "Агробизнес - 2020" бағдарламасы ойдағыдай орындалып келеді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттарына сүйенсек, биыл агросаланы дамытуға 28 миллиард 723,2 миллиаврд теңге бөлініпті. Оның 3 миллиард 210 миллион теңгесі республикалық бюджеттен қаралған. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша түрлі тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ауыл шаруашылығы нысандары үшін экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген. Ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешені субъектілердің инвестициялық салымдар кезінде шығынын өтеуге 6 мииллиард 125,4 миллион теңге бөлінсе, есептік кеезеңде соның 2 миллиард 227,9 миллион теңгесі игерілген. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан осындай қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі биыл қаңтар-шілде аралығында өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2 пайызға артып, 160 миллиард теңгені құраған. 

Айта кетейік, Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде елдің АӨК-де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі мен өндіргіштігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.  

Дереккөз: alashainasy.kz

T. Кіршібаев