Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото: cdn2.wallpapersok.com

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Тек оңтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.

Оңтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Атырау, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Дереккөз: bnews.kz

Е. Жұмабайұлы