Алдағы күндері аптап ыстық пен өткінші жаңбыр күтіледі

Алдағы күндері аптап ыстық пен өткінші жаңбыр күтіледі
Фото: http://newskaz.kz/

Синоптиктер 2016 жылдың 12-14 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан арқылы көшіп жатқан атмосфералық фронт облыстарымыздың басым бөлігінде найзағайлы, өткінші жауын шақырады. 

"Күндіз жекелеген аудандарда бұршақ, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шілденің 14 күні өткінші жаңбыр күтіледі. Алайда, аптап ыстық сақталып, күндізгі ауаның температурасы 30-38 градусқа жоғарылап, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде температура 40-43 градусқа дейін жетеді", - деді мамандар.

Дереккөз: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы