Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді
Фото: inform.kz

16 маусым күні Алматы уақыты бойынша 00:45-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қазақстан елі аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,7 магнитудасы - 3,8. Тереңдігі - 20 шақырым. Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы