Еліміздің бірқатар өңірінде күн ысиды

Еліміздің бірқатар өңірінде күн ысиды
Фото: khabar.kz

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, оңтүстік, оңтүстік-шығыста аптап ыстық болады.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстанда тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында жел тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. 

Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, сонымен қатар Ақмола, Қарағанды облыстарының кей аумағында аптап ыстық болады деп күтілуде.

Дереккөз: baq.kz

О. Сансызбай