Теңгенің долларға қатысты бағамы 345,50 - ге тең

Теңгенің долларға қатысты бағамы 345,50 - ге тең
Фото: alau.kz

KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 345,50-ге тең болды. Ұлттық валюта 4 сәуірдегі соңғы сессияға қарағанда шамамен 1 теңгеге әлсіреп отыр.

5 сәуірдегі таңғы сессияның алғашқы келісімі 345,5 теңгемен өтті. Саудада ең төменгі баға 345,3 теңге болса, жоғарысы 345,9 теңгеге жетті. Сессия кезінде сауда көлемі 28,6 миллион доллар болды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттері шетел валютасын 343-345,5 теңге аралығында саудалап жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін