Назарбаев Головкинді EXPO-2017 елшісі мәртбесіне ие болуымен құттықтады

Назарбаев Головкинді EXPO-2017 елшісі мәртбесіне ие болуымен құттықтады
Фото: tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда Геннадий Головкинмен кездесіп, оны EXPO-2017 елшісі мәртбесіне ие болуымен  құттықтап, оған жаңа табыстар мен рекордтарға қол жеткізуіне тілектестігін білдірді. Геннадий Головкин Елбасына боксты және жалпы спортты дамытуға зор үлес қосып, көңіл бөліп отырғаны үшін алғысын айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтондағы кездесуінде Геннадий Головкинге ресми түрде құрметті атақты табыстайтыны жайлы айтылған болатын. Спорт порталының мәліметінше, қазақстандық бұл салтанатқа қатысу үшін өзінің кезекті жекпе-жегіндегі дайындығын уақытша тоқтатыпты. 

Дереккөз: tengrinews.kz

С. Ерсін