Көлік жүргізу куәлігін автомектепке бармай-ақ алу

Көлік жүргізу куәлігін автомектепке бармай-ақ алу
Фото: today.kz

Қазақстандықтар автомектепке бармай-ақ көлік жүргізу куәлігін ала алады. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен өткен брифинг кезінде белгілі болды.

Мотоцикл немесе жеңіл автомобиль жүргізу куәлігін алғысы келетіндерге жеке дайындауға арналған жүйе енгізіледі. Емтихан тек арнайы ХҚКО-ларда өткізіледі.

"Мысалы, сіз жол қозғалысы ережелерін үйде оқи аласыз. Егер сіз көлік жүргізе алсаңыз, теориялық білімнен ғана емтихан тапсырасыз. ХҚКО-ларда арнайы көліктер және мотоциклдер бар. Егер көлікті жүргізу емтиханынан өтсеңіз, сізге куәлік беріледі. Бұл жүйе сәуірден бастап енгізіледі", − деді Тұрғымбаев.

Сонымен қатар енді көлік дубликат алатын кезде немесе автомобильдің техникалық төлқұжатын ауыстыру кезінде тексеруден өткізілмейді.

Дереккөз:Tengrinews.kz

С. Ерсін