ОҚО-да Наурыз 9 күн тойлана ма?

Астанада өткен брифингте тілшілер Бейбіт Атамқұловқа Наурыз мейрамын тоғыз күн тойлау туралы сұрақ қойды.

"Түркі халықтарына ортақ бұл мейрамды біз ғасырлар бойы тойлап келеміз. Мейрам күндері ресми түрде 3 күн демалуға рұқсат етілген. Дегенмен бізде мейрам күн жылына бастаған сәттен басталып, бір айға созылады. Бұл уақытқа біз көптеген шара ұйымдастырып қойдық. Халық бұл мейрамды бір ай бойы сезінеді", − деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Сөз соңында әкім тілшілерді аймаққа Наурызды тойлауға шақырды. "Келіңіздер, көріңіздер, жақсы көңіл-күй алып қайтыңыздар", − деді ол.

Дереккөз: tengrinews