Доллар бағамы 340 теңге көрсеткішіне жақындады

KASE қор биржасының 29 желтоқсанындағы күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 340 теңге көрсеткішіне жақындады. 

Сауда 338 теңгемен басталды, осы баға минималдық болып тіркелді. Ал максималдық көрсеткіш − 339,9 теңге. Сауданың жалпы көлемі 115.2 миллион доллар. Жалпы 25 қатысушы болды. Қазақстанның айырбас пункттерінде, Kurs.kz мәліметінше, доллар 337-341 теңге аралығында саудаланып жатыр.

29 желтоқсандағы таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 4 теңгеге көтерілген еді. Америкалық валютаның орташа есептелген бағамы − 337,66 теңге болған. 

Дереккөз: tengrinews