Үш жасар бүлдіршін жүкті анасын құтқарды

Үш жасар бүлдіршін жүкті анасын құтқарды

Англияның Бристоль қаласында үш жасар қыз жүкті анасы мен бауырын құтқарып қалды, − деп хабарлайды "24.kz" телеарнасы.

Шешесі абайсызда басқыштан еденге оңбай құлап, есінен танып қалғанда бүлдіршін төтенше жағдайлар қызметінің 999 телефон нөмірін теріп, "анам баспалдақтан құлады, ішінде Джордж бар" деп хабарлаған. Осы оқиғадан кейін Эмманың анасы сәбиін 7 айлығында туыпты. Дәрігерлер қазір ақылды қыздың арқасында екеуінің де жағдайы бірқалыпты екенін айтып, сүйсініп отыр.

Төтенше жағдайлар қызметінің операторлары бүлдіршіннің ақылдылығын айтып, таңғалғанын жасырмады. "Жасына қарамастан, салмақты сөйледі. Үлкен балалардың өзі мұндай жағдайда қобалжып тұрады. Балақайдың жасы бар болғаны 3-те болса да, ақылды қадамға барғаны қызық", − дейді олар.

Дереккөз: tengrinews

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Қара түсті хайуанаттардың сыры
Қара түсті хайуанаттардың сыры
Апельсиннің "бауырлары"
Апельсиннің "бауырлары"
Динозавр дәуірінен қалған жеміс
Динозавр дәуірінен қалған жеміс
Қазіргі брендтердің бұрынғы логотиптері
Қазіргі брендтердің бұрынғы логотиптері
Қояндардың тістері өмір бойы өседі
Қояндардың тістері өмір бойы өседі