Теміртаудағы Тұңғыш Президент музейінің қоры жыл сайын жаңа экспонаттармен толығуда

Теміртаудағы Тұңғыш Президент музейінің қоры жыл сайын жаңа экспонаттармен толығуда
Фото: img-fotki.yandex.ru

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент музейінің қоры жыл сайын жаңа экспонаттармен толығуда. Оларды Қарағанды облысының тұрғындары тапсырып тұрады екен.

Мәдени ошақты өркендету жұмыстарынан Елбасымен қызметтес болған әріптестері де тыс қалмайды. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай олар жаңа сыйлықтар жасады. Елбасының қызметтестері Тұңғыш Президент мұражайына жаңа кітаптар мен суреттерді табыстады. Ақсақалдар бұл фото суреттер әрқайсымызға аса қымбат болғанымен мұражайға қажеттірек, - дейді.

Әріптестердің алып келген сыйлықтары Президенттің Магниткадағы жұмысына арналған залында салтанатты түрде табысталды. Елбасымен қызметтес болғандар қабырғада ілінген суреттерден өздерін көріп қуануда.

Нина Вахитова, Теміртау қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы: - Біз Елбасының қайсарлығын, батылдығын және өз халқына деген қамқорлығы үшін құрметтейміз. Бүгінде ол кісі Теміртау қаласының тағдырына аса көңіл аударып отырады. Ұлт көшбасшысының еңбек жолы Теміртау қаласында басталды. Бұл қала Президент үшін өзінің үйі сынды, өйткені мұнда кезінде қызметті бірге бастаған әріптестері тұрады. Олар Елбасының жастайынан көсемдігі мен қайсарлығымен көзге түскенін еске алуда.

Виталий Котляров, еңбек ардагері: - Құрылысқа келгенде алдыменен нысанды аралап шығып, жұмыскерлермен сұхбаттасатын. Одан кейін инженерлік-техникалық қызметке жауапты азаматтарды жинап тапсырмалар беріп, үкіметтік телефонмен зауыт құрылысында пайда болған мәселелерді шешетін. Алғашқы кезеңнен-ақ көшбасшы бола алатындығын дәлелдеді. Теміртау қаласындағы алғашқы Президент мұражайындағы алты залда 3 мыңнан астам экспонат бар. Жыл сайын олардың саны өсіп келеді. Төрт жыл бұрын ашылған мұражайға 100 мыңға жуық адам келіп үлгеріпті.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы