Қаржы министрлігі бюджеттің қандай бағаммен бекітілетінін әлі білмейді

Қаржы министрлігі бюджеттің қандай бағаммен бекітілетінін әлі білмейді
Фото: tn.kz

Қазақстан қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үш жылға арналған республикалық бюджеттің теңгенің қандай бағамына қатысты бекітілетіні туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қазір бюджет параметрлерін талқылап жатырмыз. Біз әлі валюта бағамын талқылап жатырмыз. (...) Біз қазір теңге бағамының қандай болатынын талқылап жатырмыз", – деп жауап берді Сұлтанов журналистердің сұрағына.

Бюджеттің қай бағаммен есептелетіні қашан белгілі болады деген сұраққа ол: "Дүйсенбі белгілі болады", – деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін үш жылға арналған республикалық бюджеттің теңгенің тұрақсыз бағамына байланысты бекітілмей отырғаны туралы айтылды.

М. Бисембаева