Қодықты қорлаған жігіт Алматы облысында ұсталды

Қодықты қорлаған жігіт Алматы облысында ұсталды
Фото: tn.kz

Қодықты қорлаған жігіт Алматы облысында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызу талқыға түскен видеороликтің кейіпкері Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Тексеру шаралары барысында полицейлер видеоны түсірген автордың да кім екенін анықтады, ол күдіктінің ауылдасы және оның алматылық ЖОО-лардың бірінің студенті екені белгілі болды. Видеоның биыл қараша айының басында түсірілгені де анықталды.

Интернет қолданушылары арасында резонанс тудырған бұл жағдайға қатысты Алматы облысының полицейлері қылмыстық іс қозғады.

"Қорлаудың құрбаны болған жануар күдіктіге тиесілі. Биыл көктемде туылған қодық тірі және жарақат алмаған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Интернетте жігіттің қодықты қорлап жатқаны түсірілген видеоның пайда болғаны хабарланған еді. Кадрдан ер адамның қодықты көтеріп алып, жерге бірнеше рет лақтырғанын көруге болады. Оператор жігіттің бұл әрекеттерін "қазақша күрес" деп атады. Қысқа видеоролик Интернетте пайда болып, әлеуметтік желілерде тарады. Қолданушылар видеоны қызу талқыға салып, жануарды қорлаған жігітке қатысты сыни пікір айтты.

М. Бисембаева