Ауа-райы қайта жылынады

Ауа-райы қайта жылынады
Фото: metasaugti.lt

Елімізде ауа-райы қайта жылынады. Қазгидрометтің болжауынша, алдағы күндері еліміздің аумағынан енетін белсенді циклон суықты ығыстырып, аязды бәсеңдетеді.

"Тұтастай алғанда елімізде күн жылынады: ауа температурасы солтүстікте, шығыс пен орталықта түнде 0...-8°С дейін, күндіз -3…+8°С дейін, оңтүстік пен оңтүстік шығыста түнде -5…+5°С дейін, күндіз +8…+16°С дейін көтеріледі. Демалыс күндері батыста +10…+18°С жылы болады деп болжануда," - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Айта кетейік, қазан айының соңында кезекті антициклонның келуіне байланысты түнде -3+5, күндіз +3+10, кей жерлерде +15 градус болады.

О. Сансызбай