Жамбыл облысында шопан қойларын дрон арқылы бағады

Жамбыл облысының тұрғыны Ерасыл ұшатын дрон арқылы қойларын бағып, бақылайды екен. Бұл туралы aquatek_filips деген блогер "Живой журнал" басылымында хабарлады. Оның айтуынша, Ерасыл дронмен қатар, өзіне iPhone 6s смартфонына тапсырыс беріпті. Қойшының әзірше қарапайым iPhone 6 телефоны бар. 

Ғылыми даму мен заманауи технологиялар отарды әуеден басқаруға мүмкіндік береді. Дрон отардың үстінен ұшып өтіп, бөлініп кеткен қойларды жинап береді екен. 

Ерасыл екі проблемасы бар екенін айтады: өзімен бірге кем дегенде бес қуаттағышты көтеріп жүруі керек және жануарлар дұрыс бағытта жүруі үшін дронды құлатып алу қатері бар екен.  

Малшы дрон арқылы қойын бағып қана қоймай, әсерлі суреттер де түсіреді. "Міне, Қазақстанда осындай дамып кеткен қойшылар өмір сүріп жатыр", - дейді aquatek_filips.

Дереккөзі: kaz.tengrinews.kz