Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Тоқаев: Азияның әлемдегі рөлі нығайып келе жатыр
Тоқаев: Азияның әлемдегі рөлі нығайып келе жатыр

Хельсинки қорытынды актісі мен Астанадағы саммиттің мерейтойына арналған «ЕҚЫҰ жетістіктері мен сын-қатерлері» халықаралық конференциясында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, ЕҚЫҰ зиялылар тобының мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаев Азияның әлемдегі рөлі нығайып келе жатқанын жоққа шығармаулары тиіс екенін айтты. 

«Бүгінгі таңда Азияның әлемдегі рөлі артып келе жатқанын атап өту қажет. Бұл ретте ЕҚЫҰ қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін Азиядағы құрылымдармен, оның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен серіктестікті нығайтуға мүдделі», — деді Қ.Тоқаев. 

Сенат төрағасы атап өткендей, Қазақстан Парламенті ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы жұмысына үлкен көңіл бөледі. Оның пікірінше, бұл форумның мүмкіндіктерін толық көлемде пайдаланған жөн.

«ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттер ұйымның заңнамалық негізін нығайтуға күш салу керек деген ойдамыз. Мұның қаншалықты зор міндет екенін түсінеміз, сондықтан оған ЕҚЫҰ-ның қазіргі және алдағы жұмысында басымдық беріледі», — деді ол. 

Дереккөз: bnews

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: tengrinews
Қосылған күні: 23 қазан 2015, 13:30
Ұқсас жазбалар:
Ауа-райы: Таяуда Қазақстанның басым аумағында күн суытады Massaget.kz
Шетелдіктер қызметке мемлекеттік қызметкер ретінде шақырылмайды Massaget.kz
Қазақстандықтардың 3,6 пайызының жалақысы теңге бағамының өзгерісінен кейін көтерілген Massaget.kz
2016 жылдан бастап темір жол вокзалында жолаушылар тексерілетін болады Massaget.kz