Елбасы Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады

Елбасы Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады
Фото: вк

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев WBA, IBO, IBF және WBC interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге 18 қазан күні өткен кезекті жеңісімен құттықтау үшін жеделхат жолдады.

Елбасы жеделхатта Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өтті. Құттықтауда: "Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін",  делінген.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Геннадий Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін