Оңтүстік Қазақстанда әйел адам қоғамдық орында пісте шаққаны үшін қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстанда әйел адам қоғамдық орында пісте шаққаны үшін қамауға алынды
Фото: tn.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында әйел адам қоғамдық орында пісте шаққаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Шәуілдір ауылында орналасқан ХҚКО  ғимаратына кіре берісте, яғни қоғамдық орынға пістенің қалдығын тастап, ластаған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері әйелдің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін хаттама толтырған.

Отырар аудандық соты құқық бұзушыға қатысы әкімшілік істі қарады. Ол кінәлі деп танылып, 4 тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынды. Айта кетейік, сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

М. Бисембаева