Астанада алапат өрт шықты

Астанада қурап қалған ағаштар өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД өкілдерінің мәліметінше, ағаштардың өртенуі туралы мәлімет 14 қазанда 18:31-де түскен. Өрт Үркер ықшамауданында (Қорғалжын тас жолы) шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің ауданы - 1000 шаршы метр. 
Өртті сөндіруге техниканың 4 данасы мен жеке құрамның 11 адам тартылыпты. Өрттің жайылу қаупі жоқ.

Дереккөз: tengrinews.kz