Шығыс Қазақстанда қараусыз қалған егіз нәрестенің өлімі тергеліп жатыр

Шығыс Қазақстанда қараусыз қалған егіз нәрестенің өлімі тергеліп жатыр
Фото: http://dixinews.kz/

Шығыс Қазақстан облысында полиция жаңа туылған егіз нәрестенің өлімін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оларды ата-анасы қараусыз қалдырған.

Болжам бойынша, сол күні сағат 22.00 шамасында ата-анасы серуеннен кейін балаларды бір адамдық арбада үйдің ауызғы жағында қалдырып кеткен. Түнгі сағат 02.00-де анасы балаларды өлі күйінде тауып алады. Анасы фельдшерге хабар берген, ол полицияға хабарласқан.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Олар суықтан өлген болуы мүмкін. Әзірше "Абайсызда қаза келтіру" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция отбасының орташа деңгейде тұратынын, отбасы мүшелерінің ешқайсысы полицияда тізімде тұрмағанын айтты.

М. Бисембаева