Еліміздің алты облысында күн райы күрт бұзылады

Еліміздің алты облысында күн райы күрт бұзылады
Фото: wallpaperscraft.ru

14-16 қыркүйек күндері Қазақстанның алты облысында ауа температурасы төмендейді.

14 қыркүйек күні Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

14 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Павлодар облысында, 14-15 қыркүйекте Қарағанды облысында, 15-16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  ауаның температурасы  түнде 0-5 градус болады, кей жерлерде 3 градус аяз болады, күндіз 10-15, кей жерлерде 7 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Дереккөз: Nur.kz

Е. Жұмабайұлы