Дәулет Қуанышпаев Сергей Кулагинді жазалауды талап етеді

Дәулет Қуанышпаев Сергей Кулагинді жазалауды талап етеді
Фото: kokshetau.asia

Кеше ғана саунада шоу ұйымдастырып, қалың елді шулатқан Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің ісімен бәріңіз де таныс боларсыздар. Осы бір оқиғаға байланысты Дәулет Қуанышпаев есімді жігіттің өзінің facebook парақшасына жазған сөздерін сіздермен бөлісуді жөн көріп отырмыз. 

"Мен не үшін, кімге қарсы шыққанымды өте жақсы білем және әділетсіздік пен заңсыздықтан әбден шаршадым. Әкімдер туралы мақаламды жариялап, кеше антикоррупциялық медиа-орталыққа менің сөздерімді растайтын театр қызметкерінің дыбысжазбасын бердім. Тіпті кейбір қызметкерлер егер ешқандай қысым көрсетпесе саунада болған жайтты да баяндап беруге дайын. Бірақ қазір менің отбасыма қысым көрсетіліп жатыр. Ақмола облысы бойынша Ішкі істер Департаменті менің ағам Қуанышпаев Серіктің ізіне түсті. Енді менің соңғы мүмкіндігім ғана қалды. Мен аштық жариялаймын. Менің тума-туыстарыма, достарыма, отбасыма тиіспеуін, сонымен бірге тәртіп комитеті бұл әкімдерді жазалауын және алдағы уақытта театр қызметкерлерін өздерінің көңіл көтеру отырыстарына шақырмауын талап етемін. Оған қоса келешекте менің жақындарымның ізіне түспеуін қатаң түрде талап етемін".

Адал шешімді құзырлы орган қызметкерлерінен күтеміз! 

Ж. Исакаев