Ертең еліміздің батыс аймағында күн қатты ыстық болады

Ертең еліміздің батыс аймағында күн қатты ыстық болады
Фото: khabar.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында найзағай ойнап, желдің күшеюі 15-20 м/с дейін барады. 

Ақтөбе облысында түнде найзағай ойнап, күн күркіресе, Батыс-Қазақстан облысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде. 

Атырау облысында және Батыс Қазақстанның кейбір жерлерінде күндіз күн қатты ыстық болады деп болжануда. 

Сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында күннің ыстығынан өрт болу қаупі жоғары.

Ж. Исакаев