Қазақстан Айымбетовтің ХҒС-ға ұшу құнын өзі төлейді - Роскосмос

Қазақстан Айымбетовтің ХҒС-ға ұшу құнын өзі төлейді - Роскосмос
Фото: tn.kz

Қазақстан Айдын Айымбетовтың халықаралық ғарыш станциясына ұшуы үшін қыркүйек айында төлем жасайды. Бұл туралы "Роскосмос" басшысы Игорь Комаров Байқоңыр ғарыш айлағындағы баспасөз мәслихатында тілшілерге айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ұшуды қазақ тарапы өзіне алады. Біз ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз. ХҒС қатысушылары бұған келісті", - деп мәлімдеді Комаров бейсенбі күні.

Комаровтың айтуынша, Айымбетовқа арнайы киім мен ложементтер дайындалып жатыр және "барлығының өз мерзімінде болатынына ешқандай күмән жоқ".

М. Бисембаева