Суреттер сөйлейді (№2): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)
жеке
блог

Суреттер сөйлейді (№2): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)

30 мектеп 1960

Бұл тұрған №30 мектеп. Бүгінде №1 орыс мектебі ғой.

1970

Суретте жазуы жазылған екен :)

АҚШ

Тыңшы

Бұл екі суретті АҚШ-тың тыңшы спутнигі түсірген екен.

Байланыс үйі

Мынау "Байланыс үйі". Бүгінгі таңда телефон да, пошта да осы жерде қызмет көрсетеді.

Гагарин старты

"Гагарин стартының" құрылысы жүріп жатыр.

Ғарышкерлер Горький

Көшелер

Госпитіл Госпитілге қарай

Гөспитіл

Даманс Носов

Үйлер

Би алаңы Саябақ

Әскерлік саябақтағы би алаңы осы.

Жағалау

Жағалаудағы үйлер

КПП КПП

Бақылау пүнкіті сол. "Слава КПСС" деп жазып қойыпты :) Кезінде "Жұлдызды қалашық" болған екен.

Алаң Ленин алаңы

Ленин алаңы

50 жылҚазан төңкерісіне 50 жыл болған екен.

ЕскерткішМынау Орталық алаң. Ленин алаңы. Қазір мына жерде Лениннің ескерткіші тұр. Орталық қонақүй әнеу тұр.

Стадион Стадион

Стадион салынып жатыр

Пельмен

Пелімен пісіретін жер. Пелімен жемегелі қай заман :(

Сатурн

Сатурн. Қаланың мәдениет орталығы

Көше Театральная

Театральная көшесі. Қазір, қателеспесем, Королев көшесі шығар.

Титов

Титов көшесі. Қызыл әскер көрген адамдар :) Байқоңырдың алғашқы тұрғындары шығар.

Субұрқақ

Ольга Алексеевна десең, ә-қ-нә! :) Саябақтағы субұрқақ қой.

Штаб

Бергі жағы - басты штаб. Қазір ЦЭНКИ-дің басты ғимараты ғой. Ал арғы жағы универмаг болған. Қазір жабық.

Төретам вокзалы

Төретам вокзалы. Байқоңыр алғаш салына бастағанда осы өңірде Төре деген кісі жалғыз тамда тұрған екен. "Ғасырдан да ұзақ күнді" немесе "Боранды бекетті" оқысаңдар, Байқоңыр, Төретам жайлы әңгімелер болуы керек.