Назарбаев ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады

Назарбаев ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады
Фото: tn.kz

Елбасы ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Кездесуге Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев пен Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев та қатысты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазақстан Президентіне Айдын Айымбетовтің штаттық режимде Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындығы жөнінде хабарланды.

Айдын Айымбетов өзінің барлық қажетті тесттер мен емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ғарыш қызметі саласына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. 

М. Бисембаева