Назарбаев өмірдің мәні туралы сұраққа жауап берді

Назарбаев өмірдің мәні туралы сұраққа жауап берді
Фото: tn.kz

Нұрсұлтан Назарбаев өмірдің мәні туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарапайым адам үшін өмірдің мәні - дұрыс өмір сүру, отаның үшін қызмет ету. Қателіктерімізді де, 10 жылдан кейін не болатынын да ойлаудың қажеті жоқ. Мұны кім біледі? Ертең не болатынын біз білмейміз. Осында менің айтып отырғандарым бес минуттан кейін тарихқа айналады. Болмаған нәрсені ойлағаннан не пайда? 10-20 жылдан кейін не болатынын айтып жатамыз, бірақ ертең не болатынын білмейміз", - деді Президент Астанадағы "Жасыл белбеу" брифингінен кейін.

"Табиғат, Жер тым үлкен. Мұны ұмытпау керек, сонымен қатар, қауіп те көп. Біздің ғаламшар ғарышта, галактикада ұнтақ қана. Биіктен қарасақ, ұшып жүрген осы денеге астероидтар, метеориттер құлауы мүмкін. Жанартаулар атқылап, жер сілкінісі болуы да мүмкін. Мұның бәрін ойлай берсек өмір сүру мүмкін емес. Барлық дінде айтылғандай, өмірдің мәні – тәңірге құлшылық етіп, шыншыл болу. Өкінішке орай, мұны барлығы орындай бермейді. Өмірдің мәні - дұрыс, жақсы өмір сүру, жақындарыңды, достарыңды жақсы көру, өз отаныңды сүйіп, халқыңның болашағын ойлау", - деді Назарбаев Tengrinews.kz  тілшісінің "Өмірдің мәні неде?" деген сұрағына жауап бере отырып.

М. Бисембаева