Назарбаевтың мемлекеттік рәміздерді бекіту кезіндегі суреті пайда болды

Назарбаевтың мемлекеттік рәміздерді бекіту кезіндегі суреті пайда болды
Фото: tn.kz

Қазақстан Президентінің қатысуымен болған ҚР мемлекеттік рәміздерін бекітуге арналған отырыста түсірілген фото пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісіндегі Ақорданың ресми парақшасында жарияланған суреттің сипаттамасында: "Президенттің мұрағаттық фотосуреттері: Жоғарғы кеңестің Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қарауға және бекітуге арналған жалпы отырысы, 1992 жылғы 4 маусым", - деген жазу бар.

Айта кетейік, 4 маусымда елімізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні атап өтіліп жатыр. 1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қабылданды. ҚР мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба мен Әнұран.

М. Бисембаева