Алматыда мың гүлден кілем өріліп жатыр

Алматыда мың гүлден кілем өріліп жатыр
Фото: nmn.kz

Алматыда мың гүлден кілем өріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматылықтар мен қала қонақтары ол кілемді 23 мамырда ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында өтетін V қалалық "Алматы - гүл қала" атты гүл фестивалінде көре алады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке бағдарламасы өте тартымды.Гүл кілем, ол мың гүлден және табиғи материалдың 30-дан астам түрінен өрілген.

"Фестивальға келушілер гүлдер көрмесі мен жәрмеңкесін, концерт, ашық аспан астындағы кинотеатрды, жас орындаушылар конкурсын тамашалай алады. Фестиваль қонақтарын қаланың белгілі адамдары гүл мерекесімен құттықтайды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, фестиваль сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін болады.

М. Бисембаева