- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Ерден Қажыбек: "Біздің...
Ерден Қажыбек: "Біздің ғалымдардың пікірі ескерілген"
Таңның атысымен әлеуметтік желіден бастап барлық БАҚ беттері латын әліпбиінің Елбасы бекіткен нұсқасын талдап әлек. Бәрінің ішіндегі сұрақ "Oсы нұсқада қаламыз ба, әлде тағы өзгеріс бола ма?". Осы жөнінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек мырзамен телефон арқылы пікір білдіруін өтіндік.
Массагет: Қайырлы күн! Ерден мырза, бүгін бекітілген латын әліпбиі Тіл білімі иниститутының ғалымдарымен келісіп жасалған ба?
Ерден Қажыбек: Негізінен біздің ғалымдардың ұсыныс-пікірлері ескерілген.
Массагет: Өзіңіздің көзқарасыңыз қандай? Әліпбидің нұсқасы әлеуметтік желіде тарай салып, түрлі ойлар пайда болды. Сіз не дейсіз?
Ерден Қажыбек: Ол қалыпты және түсінікті жағдай. Осы жолғы әліпбидің аяқ алысы дұрыс әрі осыны қолдауға болады. Қазіргі әліпбидің нұсқасы осыған дейін жарық көрген үлгілерге қарағанда әлдеқайда дұрыс әрі түсінікті жасалған.
Массагет: Әліпби тағы өзгеріске түсуі мүмкін бе? Қайта-қайта өзгеріс жасау халықтың сенімін жоғалтып алмай ма?
Ерден Қажыбек: Керісінше, бұл халықтың сенімін ояту. Латын әліпбиіне өту туралы бастама көтерілген күннен бастап халықтың еңсесі көтерілді. Ендеше, бұл халықпен санасып отырып, алдыңғы көштің алға жылжуына қадам басқаны деп түсіну керек.
Массагет: Пікір білдіргеніңізге рақмет!
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы сіздің көңілден шықты ма? Халықпен санасып отырып жасалған жұмыс болса, сіз қандай ұсыныс айтар едіңіз?
М. Ақан