Елбасы латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті

Елбасы латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті
Фото: massaget.kz

Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы  

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Байқағандарыңыздай, жаңа үлгіде апострофтар енгізілмеген және диакритикалық белгілер бар. Ш, Ч, Ә, Ғ, Ң, Ө, Ү, У латын қарпіндегі жазылуы өзгерген. 

Осыған дейін Қазақстан «Ғалымдар одағының» мүшелері 2017 жылдың 26 қазанындағы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қатысты ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдаған болатын.

Г. Берік