Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Беткеұстар / Қазақтың Моцарты

Қазақтың Моцарты

Қазақтың Моцарты

Сирек кездесетін әдемі есімі бар жас жігіт Рахат-Би  қарапайым отбасында дүниеге келді. Жанұясында музыканттар жоқ. Оның әкесі –ғалым, танымал теориялық физик, анасы – педагог және заңгер. Ол жас кезінен бастап музыка, математика, физика, кітап оқу, кескіндеме жасауға қызықты, жүзумен айналысты, тілдердің өзара байланысына қызығушылық танытқан.

Музыка мектебіндегі оқу сапасын ол тек негізгі жалпы білім беретін мектептегі жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқытудың жоғарғы нәтижелерімен ғана байытқан жоқ, сонымен қатар Консерваториядағы (Алматы) музыкалық профессорлардың шеберлік сыныптарына тұрақты қатысу арқылы байытты.

Шығармашылық жолды бастағаннан бастап, «ең жас» ұғымы Рахат-Бимен бірге келеді. Ол – «Дарын» мемлекеттік сыйлығының ең жас иегері. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 17 жасында ТМД парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді дамытудағы ерен еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталған ең жас және жалғыз мәдениет қайраткері. Ол –  Бах, Моцарт, Гайднадан бастап, қазіргі классиктерге дейінгі  әлемдік классикалық шедеврлерді жинайтын  Оңтүстік Иллинойса университетінің (АҚШ) «Discography» оркестрімен фортепианоға арналған туындыларды орындайтын әлемдік қордың қоржынына  туындылары енген Тәуелсіз Қазақстандағы ең жас әрі жалғыз композитор. Ол – заманауи музыкаларды орындаушылар мен композиторлардың халықаралық академиясының ең жас қатысушысы: Impuls (Грац, 2013, 2015, 2017), ISA (Мюрццушлаг, 2015), KlangZeitMünster (Мюнстер, 2016), ең жас лектор ICTM 2015.

Рахат-Би 13 жасында студент атанып, 17 жасында магистрант болды. 18 жасында магистрлік диссертациясын тамаша қорғап, өнертану ғылымының магистрі атанды. Бұндай ерекше жағдай Қазақстанда ғана емес, әлемдік тәжірибеде де сирек кездесетін құбылыс.  

Рахат-Бидің шығармаларын Еуропа, Азия және Американың симфониялық оркестрлары мен камералы ансамбльдері, атақты солистер орындайды. Оның музыкасы Азия мен барлық Еуропа елдерінің белгілі концерттік залдарында жиі қойылады. Шығармаларының әлемдік премьерасы Прага, Лондон, Вена, Париж, Берлин, Сеул, Анкара, Стамбул, Мәскеу, Рогашке-Слатине, Бергамо, Аркейе, Аликанте, Алматы және Астана қалаларында өтті. 

Шетелдік сыншылар Рахат-Биді «қазақтың нағыз ғажайып құбылысы, мінезінде амбициясы қолында ерекше күші бар асқан шебер пианист» деген баға берді. Ол математиканы зерттеуге қызыққан, жан-жақты интеллектуал. 14 жасында «Математика және қазіргі заманғы музыка» (Алматы, 2013) және «Mathematics and Contemporary Music» (Almaty, 2013) ғылыми еңбектерін жариялады. «Гармонияның шеттері» атты шығармашылық жұмыстаржинағының авторы (Алматы, 2011).

Бүгінде оны  «Қазақтың Моцарты» деп атайды. Ол аса ұғымтал, 12 жасында музыка жаза бастады. Ол көптеген беделді халықаралық жарыстардың лауреаты, 100-ден астам музыкалық шығармалардың авторы, соның ішінде кең ауқымды симфониялық және әртүрлі камералық шығармалардың авторы.

2017 жылдың наурыз айында П.И.Чайковский атындағы ММК-ден бір айлық тәжірибеден өтті. Мәскеу қаласындағы аты аңызға айналған «Композитор» баспа үйінен Рахат-Би Әбдісағинның «God’s dwelling»  және «Over the vault of depth» атты симфониялық картиналарының партитуралары шықты.

«God’s dwelling» симфониялық картинасының Берлиндегі әлемдік премьерасынан кейін Рахат-Биге егде жастағы еуропалық келіп, «Осы музыкаң үшін құдай сені сүйді. Мен төрткіл дүниеге шарлағандай сезіндім. Сәттілік саған!» деді.  

Дәл қазіргі уақытта Рахат-Би Абдысағин әр жыл сайын 24 елден 200-ге жуық әлемге әйгілі музыканттар мен педагогтар қамтылған П.И.Чайковский атындағы жасөспірімдер конкурсының әділқазылар мүшесі.

Өмірбаяны 

Қазақстан Республикасының жас буын музыканттарының өкілі, композитор және пианист Абдысағин Рахат-би Төлегенұлы, 1999 жылы 2 ақпанда дүниеге келген.

2014 жылы 15 жасында Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияны үздік аяқтады және кәсіби тұрғыда музыкамен айналысты. Мектепте үздік оқығаны үшін, Алматы қаласы әкімінің «Үркер» сыйлығымен марапатталды.

2012 жылы М. Төлебаев атындағы  7 жылдық №5 музыка мектебінің бағдарламасын төрт жылда меңгеріп, үздік  бітірген соң, Италияның Бергамо қаласындағы  Accademia Musicale Santa Cecilia di Bergamo академиясының студент-тыңдаушысы  атанды.  Сол жылы 9-сынып оқушысы 13 жасар Абдысағин Рахат-би Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті атанды. 2016 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, сондай-ақ Италияның Бергамо қаласындағы  Accademia Musicale Santa Cecilia di Bergamo академиясын үздік бітірген Абдысағин Рахат-би 17 жасында Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасына түседі. 18 жасында магистрлік диссертациясын сәтті қорғап,  үздік аяқтайды.

Дереккөз: madeniportal.kz

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: madeniportal.kz
Қосылған күні: 27 мамыр 2018, 13:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.