Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мәңгілік ел / Беткеұстар / Эверестке шығу. Мақсұт Жұмаевтың экспедициясы бастапқы лагерьге аттанды

Эверестке шығу. Мақсұт Жұмаевтың экспедициясы бастапқы лагерьге аттанды

Эверестке шығу. Мақсұт Жұмаевтың экспедициясы бастапқы лагерьге аттанды

Қазақстандық белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев екінші рет Жер бетінің ең биік нүктесі Эверестке шығуды жоспарлап отыр. Экспедиция Астананың 20 жылдығына арналады. Команда 14 сәуірде Непал астанасы Катманду қаласына ұшып барды. Келесі пункт - 5 000 метр биіктікте орналасқан бастапқы лагерь. 

"Катмандуге сапарым ешбір жайтсыз өтті. Ұшақта аңыз адамды кездестірдім. Әлем шыңдарын алғашқы болып бағындырған Райнхольд Месснерді кездестірдім", - деді Мақсұт Жұмаев. 

Мақсұт Жұмаев пен Райнхольд Месснер. © Мақсұт Жұмаев 

Айта кетейік, 15 сәуірде команда шыңға шығуға рұқсат алды. Ал бүгін таңертең қатысушылар Лукла ауылына тікұшақпен ұшып келді. 

Шыңға шығуға берілген рұқсат. © Мақсұт Жұмаев 

"Бастапқы лагерьге дейін шамамен 50 шақырым жер бар, онда 26 сәуірде жетеміз. Біздің командамыз жолда климатқа бейімделіп, оттектің жетіспеуіне және ауа температурасының өзгеруіне үйрену керек. Осы орайда яғни, маршрут аясында біз Парчамо тауына шығамыз. Бұл Эверестке шығудың алдындағы дайындық болмақ", - дейді альпинист. 

Қазіргі уақытта команда теңіз деңгейінен 2 280 метр биіктікте. Олар ақырындай осылай көтерілетін болады. Бастапқы лагерьге дейін баратын жол қауіпсіз. Мұнымен қоса, экспедиция кезінде елді мекендерді кездестіруге болады. 

Кешкі уақыттағы Катманду. © Максұт Жұмаев

"Жалпы ешбір келеңсіздік болған жоқ, тек ауа райының бұзылғаны болмаса. Биіктікке шыққан сайын жел күшейіп жатыр, сондықтан осындай жел кезінде ұшақтарға ұшуға тыйым салынды. Ал менің жабдықтарымның барлығы Катмандуде қалып кетті. Оларды кейінірек жеткізіп беруі қажет, әлі әкелген жоқ. Бірнеше сағаттан соң көтерілеміз, қобалжып тұрмын. Себебі өзіммен бірге жабдықтарым жоқ. Ал онсыз шыға алмайсың!", - дейді Мақсұт Жұмаев. 

Осыған дейін Мақсұт Жұмаев Эверестің солтүстік жағына қарай барған болатын. Енді ол оңтүстік бағытпен көтерілмекші. 

Лукла ауылы. © Максұт Жұмаев

"Осы екі бағытты тізімге алған әлемде шамамен 10 альпинист бар. Шыңның оңтүстік бөлігіне көтерілу әлдеқайда қиын және қауіпті. Басты қауіпті болатын жері - Кхумбу деп аталатын мұздық. Бұл әлемдегі ең қауіпті мұздық саналады. Сондай-ақ, осы жақта Лхоцзе деген аймақ бар - ол да өте қауіпті жер. Сондықтан болар шыңның оңтүстік бөлігінде альпинистре тоқтап, демала алатын лагерьлер саны аз", - дейді альпинист. 

Дереккөз: tengrinews.kz

0
Рейтинг: +3

Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 16 сәуір, 17:31
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.