Тәуелсіз қазақ елінің қорғаныс министрлері

Тәуелсіз қазақ елінің қорғаныс министрлері
Фото: google.kz

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлік 1992 жылдың 7 мамырында ҚР Президенті жарлығы бойынша құрылды.

ҚР тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов болды. Одан бергі аралықта бұл қызмет тізгінін өзге де ел азаматтары ұстады. Назарларыңызға тәуелсіз қазақ елінің қорғаныс министрлері мен олардың басқарған кезеңдері туралы шағын статистикалық ақпаратты ұсынамыз.

1. Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы
Басқарған жылдары: 1992 ж, мамыр - 1995 ж, қазан

2. Қасымов Әлібек Хамидұлы
Басқарған жылдары: 1995 ж, 16 қазан -  1996 ж, 30 қазан

3. Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы
Басқарған жылдары: 1996 ж, 30 қазан -  1999 ж, 9 тамыз

4. Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы 
Басқарған жылдары: 1999 ж, 13 қазан -  2001 ж, 8 желтоқсан

5. Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы
Басқарған жылдары: 2001 ж, 8 желтоқсан -  2007 ж, 8 қаңтар

6. Ахметов Даниал Кенжетайұлы
Басқарған жылдары:  2007 ж, 10 қаңтар - 2009 ж, 17 маусым 

7. Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы
Басқарған жылдары: 2009 ж, 24 маусым -  2014 ж, 2 сәуір

8. Ахметов Серік Нығметұлы
Басқарған жылдары: 2014 ж, 3 сәуір - 2014 ж, 21 қазан

9. Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
Басқарған жылдары: 2014 ж, 22 қазан -  2016 ж, 13 қыркүйек

10. Жасұзақов Сәкен Әділханұлы
Басқарған жылдары: 2016 ж, 13 қыркүйек - қазірге дейін

Ө. Сансызбай