Рухани жаңғыру – білім мен бірліктің дамуы

Рухани жаңғыру – білім мен бірліктің дамуы
Фото: http://2-kargaly.mektebi.kz/

Ежелден ұлы дала қойнауын мекен еткен халқымыз қашан да көзі ашық, көкірегі ояу болған. Заман ағымынан қалмай, басқалардың оң өзгерістерін бойына сіңіріп, өзге елдермен терезесін тең ұстауға тырысқан. Дана Абай айтқандай, дүниеден өз кетігін тауып, қаланған. Демек, бабалардан мирас болып, қанымызға сінген ұлттық – рухани тамырымыздан нәр алып, заман талабына сай қоғамдық санамыздың өзгеруі заңды құбылыс. Жаһандану үдерісі барысында өткен тарихымызды ұмыту, өткенімізден қол үзіп қалу адасудың басы болмақ. Дегенмен, дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар екенін ескеріп, кері тартпа көзқарастардан арылудың маңызы зор. 

Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Әлемнің бағыты, болашағы тұманды болып тұрған сәтте, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ. Рухани жаңғыру — адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.

Қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты. Табысты болудың кілті — білімде. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру — Елбасы саясатының басты және негізгі бағыттарының бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуы, елімізде жоғары деңгейде бірқатар университеттердің  ашылуы, зияткерлік мектептер жүйесінің қалыптасуы білім беру саласындағы жетістіктің нақты көрсеткіші бола алады.

Елдің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Осы тұрғыда ұстаздарға қойылатын талап та жоғарылады. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, алған білімін шынайы өмірмен ұштастырып, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, эконoмика кеңістігіне шығуға, яғни қaтаң бәсекe жағдайында өміp сүруге тәpбиелеуі керек. Ол нaғыз ұстaздың ғана қoлынан келеді. 

Ел дамуы білім мен бірлікте. Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мeн бoлaшағы – хaлқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігіндe». Бізге керегі бірлік пен ұлтаралық татулық. Бірлік бар жерде тірлік бар, даму бар. Қонақжай халқымыз қай кезде де тілің басқа, дінің басқа деп алалап, өзектен теппеген. Керісінше, өзгені өзіндей көріп, төрінен орын берген.  

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы мәселелердің барлығы дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асуына әр біріміздің өз міндетіміз бар екенін түсінеміз. Әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміздің болашағы жарқын боларына сеніміміз мол.

                                                                
  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
«Исламтану ғылымдарының PHD доктаранты»
   Құрманбек А.А 

Н. Үсенова