Қазақстандықтар қаңтар айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар қаңтар айында неше күн демалады?
Фото: аврора74.рф

Қазақстанда қаңтар айындағы Жаңа жыл мен Рождество мерекелері демалыс күні болып есептеледі. Биыл қазақстандықтар қаңтар айында 5 күн күн демалады.

2021 жылдың 1-2 қаңтары ресми демалыс күндері болып саналады. Себебі 2 қаңтар сенбі болғандықтан демалыс төртінші күнге, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал алты күн жұмыс істейтіндер 1, 2, 3 қаңтар аралығында демалады.

Сонымен қатар, 7 қаңтар да мерекелік демалыс болып саналады. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.

Т. Раушанұлы