Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Фото: astana-akshamy.kz

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын", - делінген Ақорда сайтында жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында. 

Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы дүниеге келген. 

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. 

1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы. 

2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы. 

2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы. 

2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары. 

2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары. 

2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры. 

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы. 

2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 

2019 жылғы 22 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 

"Құрмет" орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған. 

Әлеуметтік ғылымдар кандидаты. 

Т. Раушанұлы