#КвартирникTengri. Бүгін Мороккадан Son Pascal -мен Insta-Live

Әнші Son Pascal  бүгін сағат 20.00-де @tengrinewskz инстаграм аккаунтында қазақстандықтар үшін тікелей эфирде ән салады.

Естеріңізге сала кетейік, Alash Media Group медиа-холдингі Pantograph продюсерлік орталығымен бірлесіп #Kvartirnik Tengri онлайн-концерттерін ұйымдастырып жатыр.

"Мен қазір Мароккода карантиндемін. Италияға оралуға болатын еді, бірақ менің сүйіктім Қазақстаннан... Сондықтан біз бейтарап елде бірге болуды шештік", - дейді әнші.

Ол қазақстандықтарға барлық карантин шартын сақтау керек екенін айтты.

Сыртқа шықпау керек, вирус меннен алыс деп ойламаңыздар, өйткені біз итальялықтар да осылай ойладық», - дейді әнші.

Son Pascal 1986 жылы 17 мамырда Италияда дүниеге келген. Оның шын есімі – Паскаль Каприно. Қазақстанда әнші Шымкенттегі "Englishman" пародиялық әнінен кейін танымал болды. 2013 жылы Италияда "Паскальстан" бағдарламасы жарық көрді, онда музыкант қазақ халқы, біздің елдегі өмір және жергілікті дәстүрлер туралы баяндайды.

Айта кетейік, бұған дейін #Kvartirnik Tengri жобасына Ильяс Аутов пен Үркер тобы қатысқан еді.