“Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат” атты мерейтойлық шаралардың ашылуы өтеді

“Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат” атты мерейтойлық шаралардың ашылуы өтеді
Фото: facebook.com

25 ақпан күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған “Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат” атты мерейтойлық іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ресейдің Бас консулдығымен және Алматы қаласындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырады.

Шараның мақсаты Отанға деген махаббатының, еңбекқорлығы мен жанқиярлығының, бірлігі мен тұтастығының арқасында Достастық мемлекеттерінің бейбітшілігін, бостандығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз еткен азаматтардың ерлігіне тағзым жасау. Жеңіс күні – бұл Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне деген шексіз құрмет білдіретін және ұрпақтарды біріктіретін тағылымды мереке.

Салтанатты іс-шараға Ардагерлер одағы, Алматы қаласының дипломатиялық корпусы, халықаралық ұйымдар, әкімдіктердің басшылары, мұражайлар, мұрағаттар, театрлар қызметкерлері, ҚР Жазушылар одағы мен Журналистер одағының өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, ЖОО оқытушылары мен студенттері, әскери бөлімдер, БАҚ және т. б. шақырылды.

Іс-шара бағдарламасында: белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері, соғыс ардагерлері сөз сөйлейді.

Сондай-ақ, кеште ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Алматы филиалының әскери оркестрі, И.В.Панфилов атындағы Қазақстан-Ресей мамандандырылған №54 мектеп-лицейі жанындағы “Жұлдыздар” вокалды ансамблі, “Дивертисмент” скрипкашылар ансамблі, “Славян базары” конкурсының гран-при иегері Әділхан Макин және т. б. мерекелік концерттерін ұсынады.

Салтанатты шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан “Ұлы Жеңіске – 75 жыл” атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Осы мерейтойлық шарамен ҚР Ұлттық кітапханасындағы кеңестік фильмдерді көрсету кинодекадасы ашылады.

Т. Раушанұлы