Қазақстанда кәмелетке толмаған 15 перзентті 1 ғана отбасы бар

Қазақстанда кәмелетке толмаған 15 перзентті 1 ғана отбасы бар

Eңбeк жәнe xaлықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қaзaқстaндa кәмелетке толмаған 15 перзентті 1 ғана отбасы тұратынын айтты. 

Министр өз сөзінде атаулы әлеуметтік көмек аясында жыл басынан бастап көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан жәрдемақы енгізгенін айтты. 

2020 жылдан бастап көп балалы отбасыдағы әр балаға 10 600 теңгеден беріледі. Мысалы, 4 баласы бар отбасы 42 500 алады.

“Көпбалалы аналармен, депутаттармен талқылау барысында жәрдемақыны одан ары саралау қажет деген ортақ пікірге келдік. Таяу уақытта Заңға түзетулер енгіземіз. Заң ақпан не наурызда қабылданғанның өзінде ол осы жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ендігі уақытта 8 баласы барларға 74 мың емес, шамамен, 85 мың теңге, 9 балаға 96 мың, 10 балаға 106 мың және 15 балаға 159 мың теңге беріледі”, - деді министр. 

Министр мұндай шешімше келген себебі, 12 баласы бар ана 7 баласы бар анамен бірдей ақша алуы әділеттікке жатпайтындығымен түсіндірді. 

“Бізде Солтүстік Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған 15 баласы бар бір ғана отбасы бар. 8 және одан да көп баласы бар отбасылардың саны – 2 451”, -  Біржан Нұрымбетов.

Павел мен Татьяна Култышевалар балаларымен

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тілге тиек етіп отырған 15 баласы бар отбасы Петропавлда тұрады. Бұл отбасының иесі – Павел Култышев. Павел мен Татьяна Култышевалардың шаңырақ көтергендеріне 18 жыл болған. Бүгінде 15 перзенті бар. Олардың сегізі ұл, жетеуі қыз балалар. Үлкені Инна 18 жаста, кішісі Люба әлі бір жасқа да толмаған. 

Павел “Бастау” бағдарламасына қатысып, кәсіптің қыр-сырын үйренген. Соның арқасында 250 мың теңгелік грант ұтып алып, сол ақшаға дәнекерлеу аппаратын сатып алған. Бүгінде кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер, үлгілі әке. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді