Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: massaget.kz

"Қазгидромет" мамандары алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атланттан ауа массаларының ығысуына байланысты алдағы демалыс күндері Қазақстанда ерекше жылы ауа райы сақталады. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында климаттық нормадан 5…10°С жоғары, оңтүстікте - нормаға жуық және одан 2...4°С жоғары болады.

Республика арқылы өтетін атмосфералық фронттардың әсерінен солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасын көтеріліп, қар жауады. Оңтүстік облыстарда дымқыл, жылбысқы қар жауады.

Күндіз ауа температурасы 0-минус 8°С аралығында, оңтүстікте +3 және -5°С аралығында сақталады. Сондықтан, Қазақстан аймағының басым бөлігінде көктайғақ болады. 500 метрге дейінгі қашықтық көрінбейтін тұман түседі.

Т. Раушанұлы